Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында құжаттар қабылданады

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында құжаттар қабылданады

Құрметті студенттер, магистранттар және факультет үйлестірушілері!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті  2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне шетелдегі серіктес жоғары оқу орындарында оқу үшін халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында құжаттар қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлайды.

1 қарашаға дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ниет білдірген үміткерлердің тізімі бар кафедралар мен факультеттер кеңесі хаттамаларының көшірмелерін ұсынуды сұраймыз. Студенттер құжаттар пакетін факультеттердің жауапты үйлестірушілеріне тапсыруы қажет .

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

— Академиялық үлгерімі бойынша 3,5 және одан жоғары деңгейдегі GPA;

-ағылшын тілін меңгеру деңгейі В2-ден төмен емес (алыс шетел Еуропа, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде серіктес ЖОО-да оқығысы келетін өтініш берушілер үшін қажет);

— академиялық және қаржылық қарыздардың, тәртіптік жазалардың болмауы;

— университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу.

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

— Ректордың атына өтініш (ОӘО толтырылады);

— Үш тілде Транскрипт (қазақ.орыс.ағыл.);

— Оқу орнынан анықтама (ЦОС-да беріледі, бас ғимарат 1 қабат);

— Ұсыныс хат (кафедра меңгерушісінен);

— IELTS, TOEFL немесе HSK шет тілін білетіндігін растайтын құжат болған жағдайда (алыс шетел Еуропа, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде серіктес ЖОО-да оқығысы келетін өтініш берушілер үшін қажет);

— Грамоталар, дипломдар және сертификаттар (көшірмелері);

— Шетелдік паспорттың көшірмесі және жеке куәлік;

— Түйіндеме;

Келесі санаттағы тұлғаларға жататындығын растайтын құжаттар (өтініш берушілер үшін ):

— жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

— баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжат;

— мүгедектік;

— көп балалы отбасылардың балалары.

Іріктеу кезеңдері:

  1. Оқу курсы үшін академиялық үлгерім (транскрипт) ;
  2. Ағылшын тілінің деңгейін анықтау;
  3. Ағылшын тіліндегі сұхбат.