Воскресенье, Февраль 25, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Техникалық мамандықтардың гранттарының үлесі 60%-ға дейін ұлғайтылады

Техникалық мамандықтардың гранттарының үлесі 60%-ға дейін ұлғайтылады

Кадр тапшылығы байқалатын өңірлерге үздік мамандарды тарту үшін қажетті жағдай жасалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

— Білім беру саласы бойынша  биыл мектепке дейінгі ұйымдар  қосымша ең кемі 30 мың жаңа орынмен қамтамасыз етіледі  және 225 орта мектеп ашылады. Кадр тапшылығы бар өңірлерге  үздік педагогтарды тарту үшін  тиісті жағдайлар жасалады, — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол шетелдік беделді 5 университеттің филиалы ашылатынын айтты..

— Инженерлерді даярлауға арналған техникалық мамандықтардың гранттарының үлесі 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылады, — деп толықтырды Премьер-министрі Үкіметтің кеңейтілген отырысында.