Среда, Май 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ардагер ұстазды қабылдады

Ардагер ұстазды қабылдады

Бүгін Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова университетте біраз жылдар қызмет еткен еңбек ардагері Бақтыбай Нұрбаулинді қабылдады. Сонымен қатар басқосуға Басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров, университет ректорының кеңесшісі Сабыржан Мұхтаров, техникалық факультетінің деканы Ақжарқын Балғынова, «Мұнай газ ісі» кафедрасының меңгерушісі Баян Алматова қатысты.

Кездесуде оқу процесіне қатысты мәселелер кеңінен талқыланды. Ардагер ұстаз өз кезегінде көп жылғы білім саласындағы тәжірибеден жинақтаған ойларын ортаға салды. Жиында бұдан бұрын да Бақтыбай Нұрбаулиннің ұсыныстарының басым көпшілігі университеттің оқу процесінде жүзеге асқандығы атап өтілді.

Ректор техникалық білім беруге қатысты ұсыныстары үшін ардагерге алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жүздесулер жалғасатынын жеткізді.