Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Аталған мерекені 2016 жылы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы бекіткен.

Мереке әйелдер мен қыз балалардың ғылымға толық және тең қол жеткізуіне және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, сонымен қатар, ғалым әйелдерге демеу көрсетуге, олардың ғылым мен техника салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын қолдауға бағытталған.

Жұбанов университетінің әйелдер қауымы ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді айналысады және өздерінің кәсібилігін республикалық және халықаралық деңгейде үнемі дәлелдеп жүр.

Қазіргі таңда оқу орнында Білім және ғылым министрлігі тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру бойынша 10 гранттық жоба жүзеге асырылуда. Олардың ішіндегі 5 жобаға ғалым әйелдеріміз жетекшілік етеді.

Ғалымдарымызды мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!