Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Психологиялық тренинг өтті

Психологиялық тренинг өтті

Ресурстық жағдай жасау әдістері, ұжымдағы жағымсыз эмоционалдық жағдайды реттеу техникасы,тайм менеджмент әліппесі және т. б. Бүгінгі таңда осындай soft skills әрбір басшыға қажет екені сөзсіз.

Жұбанов университеті проректорлары мен декандары және құрылым басшылары «Жұмыс орнындағы жанжалдарды шешу дағдылары» корпоративтік тренингіне қатысты.

5 күндік курсты ректор Лаура Қарабасованың бастамасымен университетте ашылған оқу орнының психологиялық қызметі ұйымдастырды.

Курс барысында психологтар университет қызметкерлеріне конфликтілі жағдайлар кезінде оларды шешу туралы біліктіліктерін қалыптастыру, жанжалды жағдайлардың алдын алу мен шешудің негізгі әдістерін практикада қолдануға, ұжымдағы эмоционалдық жағдайды реттеу мен тұрақтандырудың негізгі дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Сабақты Орталық Азия Психоанализ Институтының директоры Анна Құдиярова, Психоанализ мектебінің директоры Светлана Қуаныш және Zhubanov University қызметінің психологтары өткізеді.

Педагогика факультетінің деканы Жанна Жүсіпованың айтуынша, мұндай кездесулердің маңыздылығы зор, бұл қатысушыларға өзін дамытуға және ұжыммен жұмыс бойынша маңызды білім алуға көмектеседі.