Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Экологиялық білімге жаңа көзқарас

Экологиялық білімге жаңа көзқарас

Жұбанов университеті 4 қазақстандық ЖОО-мен бірге «Қазақстан университеттерінде экология және қоршаған орта туралы ғылымдар бойынша негізгі оқу бағдарламаларын ілгерілету» жобасы бойынша грант жеңіп алды (Advancing Key Curriculums of Ecology and Environmental Sciences in Rural Kazakhstan Universities).

Жоба Мичиган мемлекеттік университетімен және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен серіктестікте әзірленген. Оған сонымен қатар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қатысады.

Жобаның мақсаты: 1) Курстардың жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша қарқынды оқыту семинарын ұйымдастыру, оған АҚШ-тың және Қазақстанның бірнеше жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады;
2) Экологиялық зерттеулер мен білім беру саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ықпал ететін АҚШ пен Қазақстан оқытушыларының арасында тікелей байланыстар орнату;
3) Қазақстанның жоғары оқу орындарында пайдалануға болатын оқу жоспарларының, анықтамалықтардың және басқа да оқу материалдарының жинағын дайындау.

Қатысушылар АҚШ-тың көптеген университеттерінде экологияны зерттеу үшін міндетті болып табылатын бес негізгі пәнге/курстарға назар аударады. Курстардың әрқайсысы АҚШ-та тәжірибесіндегідей аудиторияда және далада практикалық жаттығулармен, сонымен қатар онлайн дәрістер түрінде өтеді.