Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім берудегі көшбасшылық

Білім берудегі көшбасшылық

Бүгінгі таңда білім берудегі үлкен өзгерістер кезеңінде университетті басқару позициясынан дамытудың тиімді тәсілдерін табу мәселесі өзекті болып отыр. ЖОО басқару әлемдік тәжірибесіндегі заманауи тәсілдердің бірі басқару ұстанымын басқарудан көшбасшылыққа ауыстыру болып табылады.

Өткен жылдың соңында университеттің 60 жуық профессор-оқытушы құрамы Назарбаев Университетімен серіктестік аясында «Білім берудегі көшбасшылық» тақырыбындағы үш апталық онлайн форматта өткен семинарлар цикліне қатысқан болатын.

«Білім берудегі көшбасшылық» семинарлар циклінің мақсаты – стратегиялық менеджмент, инновациялық даму, білім беру бағдарламаларының архитектурасы, жаңа басқару моделіне көшу үшін қажетті және іске асыра алатын силлабустар саласындағы студенттердің білімдері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту, университеттің әртүрлі салалардағы академиялық жетістіктерін қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгін Жұбанов университетінде аталмыш семинарды аяқтаушыларға сертификаттар табыстау рәсімі өтті. Шара барысында университетіміздің профессор-оқытушы құрамы курста алған білімдерімен, жобаларымен бөлісіп, университет деңгейінде енгізуге болатын ұсыныстарын ортаға салды. Оқытушылар сонымен қатар бүгінгі білім беру саласындағы инклюзивті білім беру, білім бағдарламаларының сапасын арттыру, бағалау, төңкерілген сынып секілді өзекті мәселелерге де тоқталды.