Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті студенттері мен оқытушыларына Сингапурдан келген белгілі физик дәріс оқыды

Жұбанов университеті студенттері мен оқытушыларына Сингапурдан келген белгілі физик дәріс оқыды

Наньянг технологиялық университетінің (Сингапур) профессоры Жұбанов университетінің студенттері мен оқытушыларына арналған онлайн-семинар өткізді. Физик-материалтанушы Саймон Редферн Кембридж университетінде Жер туралы ғылымдар департаментінің директоры болып жұмыс істеді. Университет бойынша докторанттарды даярлау бағдарламасына жетекшілік етті, бірқатар ауқымды табысты зерттеу жобаларын басқарды. 260-тан астам рецензияланған жарияланымдардың авторы (Google h-index 62). Бүгінде белгілі ғалым Жұбанов университетінің жетекші ғылыми қызметкері болып табылады.

Саймон Редферн ақтөбелік студенттерге «Біз табиғаттан үйренеміз: Жер ресурстарында климаттық дағдарыспен күресу үшін шешімдер бар ма?» тақырыбындағы баяндамасын жасады. Профессор адамзаттың жерді әркез шексіз ресурс ретінде қарастыра отырып, оның қойнауынан пайдалы заттарды алу үшін қызығушылық танытқанын, сонымен қатар табиғи жер қойнауын пайдалануда технологиялық күрделілік артып келе жатқанына назар аударды. Саймон Редферн адамзаттың қауіпсіз болашағы үшін ұзақ уақыт бойы тек экономикалық байлық болып келген заманауи энергетикалық ресурстарды, пайдалы қазбаларды қалай пайдалануға болатынын атап өтті.