Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қазақстанның қаржы жүйесі және заманауи банктік технологиялар

Қазақстанның қаржы жүйесі және заманауи банктік технологиялар

Осындай тақырыппен экономика және құқық факультетінде «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты қаржылық қызметтер нарығының ағымдағы жағдайын баяндау және қаржылық институттар мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің арасындағы серіктестікті нығайтуға арналды.

Аталмыш шараға «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» АФ ММ директоры П.Ш.Асимбетова, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» АФ ММ-нің қызметкерлері, «Сбербанк» АФ ДБ АҚ бөлшек бизнесі басшысының орынбасары А.К.Миндыгалиева, «Фридом Финанс» АҚ АФ инвестициялық компаниясының директоры Р.Э.Газиев, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ АФ бөлшек бизнес орталығының бастығы Ж.Ж.Садыков және факультет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел қонақтары жиналғандарға Қазақстан банктік секторының қазіргі жағдайы, іс-жүзінде қолданылатын қаржылық құралдар, коммерциялық банктердегі клиенттерге қызмет көрсетудегі инновациялық технологияларды ендіру және дамыту болашағы  туралы айтып өтті. Студенттер банк өкілдеріне көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауап алды.

«Қаржы және есеп» кафедрасы аталмыш қаржылық институттармен 10 жылдан астам уақыт серіктестікте қызмет атқарып келеді. Бұл институттардың қолдауымен экономика және құқық факультеті базасында «Салық лабораториясы», «Дилингтік орталық» мамандандырылған кабинеттері ашылды. Бұл кабинеттердің студенттердің білім сапасын арттырып, тәжірибелік, кәсіби деңгейлерін арттыруы үшін маңыздылығы өте зор.