Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білімді жастарды марапаттады

Білімді жастарды марапаттады

Бүгін университет ректоры Лаура Қарабасова республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері мен ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының жеңімпазын құттықтады.

Атап өтер болсақ, Жоғары оқу орындарының арасында өткен Республикалық пәндік олимпиада қорытындысында «Металлургия» мамандығы бойынша Әділхан Нұржанов, «Сән дизайны» мамандығы бойынша Алтынгүл Тлеуова, «Құрылыс» мамандығы бойынша Фариза Темірбековалар жүлделі екінші дәрежелі диплом иеленген болатын. Ал ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының үздік ғылыми жұмысы үшін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» тарауы бойынша Әділет Алгартов марапатталды.

Елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін аталған жарыстарға университетімізден жыл сайын білімді жастар  бақ сынайды. Соңғы жылдардың өзінде жеке және командалық есепте 100-ге тарта студенттеріміз жүлделі орындарды иеленген.

Ректор білімге құштар жастарға сәттілік тілеп, оларды дайындаған жетекші ұстаздарына алғысын білдірді. Білімпаздарға алдағы уақытта да асқақ биіктерден көрінулеріне тілегін жеткізді.