Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің студенті үздік декламатор атанды

Жұбанов университетінің студенті үздік декламатор атанды

Жұбанов университетінің филология факультетінің студенті Халықаралық «Күміс ғасыр дауыстары» декламаторлар байқауында жеңіске жетті.

Байқауға Орынбор мемлекеттік университетінің, Ресей халықтар достығы университетінің, Горлов шет тілдер институтының, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің студенттері, сондай-ақ «Құнан» мектеп-лицейінің, № 9 орта мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Жастар Анна Ахматованың, Николай Гумилевтің, Владимир Маяковскийдің, Марина Цветаеваның, Осип Мандельштамның және Сергей Есениннің өлеңдерін оқыды.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін орындау техникасы мен әртістігі үшін он балдық шкала бойынша бағалады. Іс-шара барысында «Еркін микрофон» жарияланып, онда әркім сүйікті өлеңдерін оқи алды. Көптеген студенттер өздері жазған өлеңдерін де оқыды.

Байқау қорытындысы бойынша біздің университеттен Аяжан Шәріп бірінші орынға ие болды.