Суббота, Июль 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті педагогтары математика пәні бойынша мектеп бағдарламасын әзірлеуде сарапшылар ретінде қатысты

Жұбанов университеті педагогтары математика пәні бойынша мектеп бағдарламасын әзірлеуде сарапшылар ретінде қатысты

Жұбанов университеті педагогтары математика пәні бойынша мектеп бағдарламасын әзірлеу және мұғалімдерді даярлау барысында сарапшылар ретінде қатысты.

Математика кафедрасының меңгерушісі Мәдина Тілеубергенова мен оқытушы Захира Нұғаева «Мектептегі математикалық білім:жағдайы, мәселелері, ұсыныстары»  республикалық съезіне барып келді.

Кездесуде мектептегі математикалық білім беру мазмұны, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, ғылыми жобаларды әзірлеу және т.б. мәселелер талқыланды.

Мәдина Тілеубергенованың айтуынша, сарапшылар көтерген тақырыптардың бірі — мамандарды сапалы дайындау үшін мектептер мен жоғары оқу орындарының арасында өзара байланысты нығайту.  Біздің университетте мұндай байланыстар жолға қойылған. Мектеп мұғалімдері кейде студенттерге сабақтар өткізеді, ал университеттің математиктері әріптестерімен тәжірибе алмасып, оқушыларды оқытады. Мектептерде кафедраның филиалдары ашылған, онда да бірлескен ғылыми қызмет жүргізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өткен іс-шарада 300-ден астам математик мұғалімдер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер мен Қазақстан ғалымдары басқосты.