Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім беру еріктілігі

Білім беру еріктілігі

Жұбанов университеті студенттері ақтөбелік оқушыларға тәлімгерлік етеді.

Жұбанов университеті «Ерікті — болашақ педагог» жобасын жүзеге асыруды бастады. Студенттер арасынан шыққан еріктілер тобы оқушыларға қосымша сабақтар өткізіп, оларды олимпиадаларға дайындайтын болады. Сондай-ақ тәрбие жұмыстарына да атсалысады.

Математика, физика, информатика, шет тілдері, химия және биология бағыттары бойынша білім алып жатқан 30 студент М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының басшылығымен кездесті. Еріктілер мектеп жұмысымен танысып шықты. Олар енді сабаққа қатысуға дайын.

Жобаның мақсаты-мектеп пен университет арасындағы байланысты нығайту, дарынды оқушыларды қолдау, білім берудің тәжірибеге бағдарлануы. Сонымен қатар, бұл болашақ педагогтар үшін өздерін көрсетіп, ЖОО бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу үшін тамаша мүмкіндік.

Осы жобаның аясында қаланың басқа мектептерімен де ынтымақтастық орнату жоспарлануда.