Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлттық ойынның ең үздіктері

Ұлттық ойынның ең үздіктері

Ақтөбеліктер тоғызқұмалақ ойыны бойынша ең үздіктер қатарынан танылды

Еліміздің 17 аймағы ішінен республикалық рейтингте тоғызқұмалақтан Ақтөбе облысы екінші орынға ие болды. Спорт түрлері бойынша жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын ҚР чемпионаты, ҚР кубогы, ҚР Федерация кубогы жетістіктері нәтижесінде шығарылатын бұл рейтингте алдыңғы қатардан табылу  үлкен жетістік.

Айта кету керек, Ақтөбе облысы құрама командасында біздің Жұбанов университетінің оқытушысы Азамат Қайдаров пен студенті Гүлжанат Алдабергенова бар. Олар тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары, халықаралық спорт шеберлері.

Сондай-ақ, Жұбанов университеті ұлттық зияткерлік ойынымызды дамытуда әркез қолдау танытып келеді. 2021 жылдың аяғында тоғызқұмалақтан Азия чемпионатының Ақтөбеде өтуі, жарыстың ашылуы мен жабылуының аталмыш оқу орнында болуы да тегін болмаса керек. Университет ректоры Лаура Қарабасова Облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті ретінде әрдайым ұлттық ойынды дамытуға қолдау танытып келеді.