Вторник, Сентябрь 26, 2023
Басты > Жаңалықтар > Қазақстан мен Әзербайжан: Білім көпірі

Қазақстан мен Әзербайжан: Білім көпірі

Жұбанов университетіне Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы келді.  Эльмар Рагим оглы Маммадов жоғары оқу орнымен танысып, Қазақстан мен Әзербайжан университеттері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға қатысты.

Екіжақты кездесу барысында ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров университеттің тарихы мен жетістіктері туралы айтып, бүгінде ол рейтингте тұрақты түрде жетекші орын алатын Батыс Қазақстандағы ең ірі жоғары оқу орны болып табылатынын атап өтті.

Әңгімелесу барысында университеттің халықаралық қызметі әлемдік білім беру кеңістігіндегі әріптестік қатынастарды дамытуға, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды кеңейтуге бағытталғаны айтылды. Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі академиялық ұтқырлық және қосдипломдық білім беру бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ білім беру процесіне шетелдік ғалымдарды тарту болып табылады.

Университет басшылығы Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетімен және Баку мемлекеттік университетімен түркология, туризм, ақпараттық технологиялар, мұнай-газ ісі саласы бойынша ынтымақтастық туралы ұсыныс жасады.

Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Эльмар Рагим оглы Маммадов өз кезегінде білім – екі халықты біріктіретін жалғыз көпір екенін атап өтті. Көрші елдер халықтарының тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін білу жеке тұлғаның дамуы үшін өте маңызды. Университеттер бүгінде жастарды мультимәдени кеңістікте оқыту үшін көптеген мүмкіндіктер ашуда.

Эльмар Рагим оглы Маммадов ғылым мен білім саласындағы бірлескен жұмысты дамытуға ықпал етуге дайын екенін айтты.