Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қаржыгерлер сақтандыру нарығының шетелдік тәжірибесімен бөлісті

Қаржыгерлер сақтандыру нарығының шетелдік тәжірибесімен бөлісті

Кеше «Қаржы және есеп» кафедрасы «Ұлттық валюта – теңге» күніне орай ұйымдастырылған шаралардың бірі «Сақтандыру нарығының шетелдік тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға дөңгелек үстелдің қонақтары    «Нұр полис» СК АҚ АФ-ның жетекші маманы С.С.Тайлыбекова мен  «Фортуна инвест» АҚ-ның қаржылық кеңесшісі Н.М.Жасбулганова қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты — Қазақстандағы және шетел нарығындағы сақтандыру нарығын түсіндіру және даму барысын және қажетті жағдайларды талдау, сақтандыру нарығының бүгіні мен болашағын талқылау.

Отырыста белсенді студенттер Қазақстандағы және шетел нарығындағы сақтандыру нарығының даму жағдайы туралы баяндама жасап, келген қонақтар, оқытушылар ашық пікір алмасты, өз ойларын айтты.

Іс-шараға қатысқандар «Сұрақ-жауап» форматында сақтандыру нарығының рөліне жоғары баға беріп, тәуелсіздік жылдарындағы сақтандыру нарығының жетістіктерін талқылады.