Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті үздік әлемдік сарапшылармен жұмыс жасайды

Жұбанов университеті үздік әлемдік сарапшылармен жұмыс жасайды

Жұбанов университеті сапалы жаңа деңгейге көтерілу үшін үздік әлемдік сарапшылар тартылатын болады.

Жұбанов университетінің өкілдері Ювяскюль университетінің топтары (Финляндия)  EduCluster Finland инновациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Дэвид Маршпен бірлескен жобалар туралы келісімге келді.

Ғалым 25 жыл бойы фин білім беру саласында стратегияларды әзірлеумен және инновацияларды енгізумен айналысқан.  40-тан астам елде жұмыс істеген. 150 — ге жуық жарияланымдардың авторы, сондай-ақ Ұлыбритания, Финляндия және Испания университеттерінде 5 ғылыми дәреже алған. Алайда оның қызметтік тізімі Африка, Шығыс Азия, Исландия, Үндістан, Қазақстан, Косово, Таяу Шығыс, Ресей, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Оңтүстік Американы қоса алғанда, тек еуропалық жобалармен шектелмейді.

Дэвид Марш CLIL-пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту әдіснамасын әзірлеуге қатысқан. Тілдердің ми жұмысына әсерін, оң мектеп экожүйелерін құруды, сондай-ақ технологияны жетік меңгерген жастардың қажеттіліктеріне сай білім беру тәжірибелерін бейімдеуді зерттейді.

Белгілі ғалым Жұбанов университеті филология факультетін дамыту бойынша сарапшы ретінде сөз сөйледі. Жоғары оқу орнының филологтары мен халықаралық ынтымақтастық орталығының өкілдері Дэвид Маршпен бірлесе отырып, біздің педагогтерімізге тілдердің ми жұмысына әсерін талдау және жаңа педагогикада қолданылатын оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдері тақырыбы бойынша воркшоптар сериясын жоспарлады.