Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > 12 оқушы Қ.Жұбанов білім беру грантының иегері атанды

12 оқушы Қ.Жұбанов білім беру грантының иегері атанды

Өткен аптада Жұбанов университетінде басталған 11 сынып оқушылары арасында өткен Ғылыми жобалар байқауы мәресіне жетті. Жобаның мақсаты дарынды жастарды анықтап, сонымен қатар мектеп бітіруші түлектер арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жетілдіруге арналды.

Байқау шарты бойынша ерекше деп танылған жұмыстар жеңіске жетті. 12 бағыт бойынша әр оқушы өзінің ғылыми әлеуетін, шығармашылық қабілеттерін, жаңаша идеяларын көрсетті.

География және туризм бағыты бойынша ғылыми жоба қорғаған Камила Максурова Қайыңдысай ауылында туризмді дамыту туралы баяндама жасап, ауыл экономикасын дамыту туралы ойларын ортаға салды. Педагогика бағытында Артем Голованов қолжазба құпиясы жайында қызықты зерттеу жұмысын ұсынды. Ал техникалық бағытта Саламат Арыстанов «Энергетика және энерготиімділік және автоматтандыру технологиялары»  тақырыбында креативті ізденісін көрсетті. Жеңімпаздар сондай-ақ, ауыл мектебі мәселесі, қазақтың күйлерін әлемге таныту жолдары, терроризммен күресу т.б  тақырыптар төңірегінде ғылыми жобаларын қорғады.

Байқау жеңімпаздарына білім грантының иегері екендігін растайтын сертификаттар табыс етілді.  Атаулы гранттан бөлек екінші және үшінші орын алған оқушыларға университетке ақылы оқуға түскен жағдайда 50%  және 35%  жеңілдіктер берілетін болады.

Байқауға барлығы 160-қа жуық ғылыми жұмыс қабылданды. Қатысушылар   Ақтөбе облысы  аудандарынан, қаламыздағы мектептерден, Тараз,Түркістан, Қызылорда облыстарынан болды. Айта кету керек, байқау аралас форматта өткізілді.

Білім беру грантының иегерлері тізімі:

Нұрай Өтемісова (Ембі қаласы жанындағы №7 ЖББОМ)

Алина Тілегенова (№60 ЖББОМ)

Артем Голованов (Қарғалы ауданы, Ащылысай орта мектебі)

Саят Бақытжанов (Қарғалы ауданы, Ащылысай орта мектебі)

Бекбол Бақтыбаев (Қандыағаш қалалық ЖББОМ)

Фарида Жанболат ( Ш.Құдайберді атындағы №66 ЖББОМ)

Нұрсұлтан Әбділқадыров (Білім-Инновация лицей интернаты)

Алина Ужраева (Хромтау ауданы, Хлебодаровка ЖББОМ)

Саламат Арыстанов (№4 Мәртөк ЖББОМ)

Анаргүл Серікқали  (Қаратал ауылының Ш.Берсиев атындағы орта мектебі)

Камила Максурова (Маржанбұлақ орта мектебі)

Әмірхан Оразбаев (№ 55 орта мектеп-гимназиясы)