Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Алғыс айту күні құтты болсын!

Алғыс айту күні құтты болсын!

1 наурыз – Алғыс айту күні. Халқымыз аталмыш мерекені 2016 жылдан бастап атап өтіп келеді. Бұл – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын мереке.

Елдігіміздің алтын тірегіне айналған достық пен бірегейлік, ұлтжандылық пен мейірбандық қазақтың қайталанбас қазынасы. Бір шаңырақ астында, бір тудың төңірегінде топтасқан көпэтносты елдің ортақ тарихын ұлықтау ұлы міндетіміз.

Көктемнің алғашқы мерекесі құтты болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!