Четверг, Март 28, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Ауыл жастарына арналған жаңа партиялық жоба ұсынылды

Ауыл жастарына арналған жаңа партиялық жоба ұсынылды

Ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жобасы ұсынылады. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлім етті, леп хабарлайды Egemen.kz.

Jas Otan жастар қанатының жұмысын толықтай қайта жаңғырту аса маңызды. Jas Otan қатарына жастар арасында шын беделі бар нағыз көшбасшыларды тартамыз. Ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жобасын ұсынамыз», деді А. Оралов.

Оның аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған, оларды кәсіп ашып, табысты болуға ынталандыратын кешенді шаралар жүзеге асырылады.

«Бұдан бөлек, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулитын «Қайсар» атты жаңа әскери-патриоттық жоба іске қосылады. Ел қорғайтын, мемлекетімізге қызмет ететін ержүрек азаматтарды тәрбиелеуге басымдық беріледі», деді партияның атқарушы хатшысы.

 

/egemen.kz/