Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет аруларына арналған шығармашылық сыйлық

Университет аруларына арналған шығармашылық сыйлық

Бүгін Жұбанов университеті бас ғимаратының фойесі әсемдікке, әдемілікке толды. Мереке қарсаңында кәсіби — шығармашылық факультетінің студенттері оқу орнының нәзікжандыларына шығармашылық сыйлықтар жасады.

Art House студенттік клубының қылқалам шеберлеріның туындыларынан жасақталған көрме нәзіктігімен ерекшеленді. Студенттер салған тек әйел адамдардың портреттері жиналғандардың көз қуанышына айналды.

Сонымен қатар «Көркем еңбек және дизайн» мамандығының студенттері жұмыстарынан дефиле өткізілді. Болашақ дизайнерлер қазақтың ұлттық нақыштағы киімдерін заманауи стилде тігіп, ескі және жаңа сәнді ерекше үйлестіре білген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық нақышта безендірілген, заманауи үлгідегі киімдер қазіргі әйелдердің талғамына сай келеді.

«Әйелдер әдемілікті жақсы көреді, осындай шаралар арқылы біз оларға қуаныш сыйлағымыз келді»,-дейді олар.

Сондай-ақ, «Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінде еліміздің және жергілікті ақын-жазушы қыздарымыздың кітаптары, ғылымдағы, өнер әлеміндегі, қоғамның барлық саласында ерлермен бірдей еңбек етіп жүрген нәзікжандар жайлы жазылған әдебиеттер және мерзімді басылымдар қойылған.