Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Корей елшісі студенттермен кездесті

Корей елшісі студенттермен кездесті

Екі күн бұрын өңірге жұмыс сапарымен келген Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг Сок ақтөбелік студенттермен жүздесті.

Екі елдің арасындағы ынтымақтастық пен жалпы кәріс елі туралы мағлұматпен бөлісті. Кездесу ашық әңгімелесу алаңына айналды.

Қазақстан Корея үшін маңызды елдердің бірі, сондықтан елші ретінде өзіне артылған жүктің жауапкершілігі мол екенін айтып өтті. Сондай-ақ, Қазақстанға келмес бұрын, біздің елді толық зерттеп, әдет-ғұрпымен танысқанын да айтып қалды. Студент жастарға болашақта корей тілін тез үйренудің жолын сілтеп, оларға сәттілік тіледі.

 

/aktobetv.kz/