Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Журналистермен жылы жүздесу

Журналистермен жылы жүздесу

Жаңалықтың жаршысына айналып, ақпаратты дер кезінде халыққа жеткізіп отыратын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қоғамда алатын орындары маңызды.  Журналистерді таңертеңгі уақытта дастарқан басында көру сирек жағдай. Олар бұл уақытта қолында микрофонын ұстап, кез келген маңызды оқиғаны елге жеткізу үшін үлкен шараларда, жиналыстарда немесе брифингтерде жүреді.

Бүгін Жұбанов университеті мереке қарсаңында журналистерге бір күнін жағымды атмосферада қарсы алуға мүмкіндік сыйлады.

Ректор Лаура Қарабасованың қатысуымен өткен баспасөз-таңғы асына түрлі қалалық және республикалық БАҚ-та жұмыс істейтін, Жұбанов университеті түлектері болып табылатын әйелдер жиналды.

Медиа сауаттылық, кәсіби журналистерді даярлау, дағдарысқа қарсы коммуникациялар және әлеуметтік желілердің әсері, эмоционалды интеллект, мамандықтағы әйелдер туралы стереотиптер, қазіргі жастарды оқыту форматы — осы және басқа да көптеген тақырыптар бейресми кездесу кезінде  талқыланды. Сондай-ақ, түлектер ЖОО-да оқыған кездердегі естеліктерімен бөлісті.

Лаура Қарабасова өз кезегінде  университетті трансформациялау бойынша қадамдарға тоқталып, жоғары білім беруді дамыту перспективалары туралы айтты. Сонымен қатар түлектер білім беру сапасының индикаторлары болып табылатынын атап өтті.

Кездесу соңында қыздар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, келесі жолы Жұбанов университеті баспасөз турында кездесуге келісті.

Журналистерге университеттің кәсіподақ ұйымы атынан әдемі шоқ гүлдері сыйға тартылды.