Воскресенье, Январь 29, 2023
Басты > БАҚ біз туралы > Амангелді Айталы: Көрісу — мұсылмандықты қабылдамастан бұрын пайда болған Түркі мәдениеті

Амангелді Айталы: Көрісу — мұсылмандықты қабылдамастан бұрын пайда болған Түркі мәдениеті

Мемлекеттік қызметкерлер Амал мерекесінде ардагерлерді құттықтап барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрісу күні мерекесіне орай аға буын өкілдері, еңбек ардагерлері мен аяулы әжелерге арнайы сыйлықтар тапсырылып, құрмет жасалды. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалиннің арнайы тапсырмасымен облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, қала әкімі Асхат Шахаров мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз Амангелді Айталы, тарихшы ғалым, профессор Зәкіратдин Байдосов, оқу-ағарту ісінің үздігі Қаракөз Қосаева, еңбек ардагері Беріков Ниетжан сынды зиялы қауым өкілдерінің үйіне барып құттықтап шықты.

«Көрісу — ғалымдардың айтуы бойынша мұсылмандықты қабылдамастан бұрын пайда болған Түркі мәдениеті. Еліміздің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. «Көктемге аман-есен жеттік« деп дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамының мазмұнын одан әрі байыту керегін айтқан еді. Осы ретте, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді жаңғыртудың маңызы өте зор. Барша ағайынды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын» — деп атап өтті белгілі ғалым Амангелді Айталы. Ардагерлер облыс әкімінің мерейлі мереке қарсаңында аға буын өкілдерін ұмытпай, арнайы құттықтап, жылы лебізін арнағанына және сыйлықтар табыс еткеніне өз алғысын білдірді.

/www.inform.kz/