Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Оқушылар мен студенттер маңызды дағдыларды игереді

Оқушылар мен студенттер маңызды дағдыларды игереді

Жұбанов университеті жанындағы «Education Hub» Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп II Model United Nations conference ұйымдастырады.

БҰҰ моделі – бұл ғылыми конференция мен рөлдік ойынның синтезі болып табылатын платформа. Жоғары сынып оқушылары мен студенттер осы ұйымның комитеттерінің жұмысын жаңғыртады, дипломатиялық, көшбасшылық, шешендік және тілдік дағдыларды және ымыраға келу қабілетін игереді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференция қазіргі қоғамдағы жаһандық құзыреттілікті дамытуға бағытталған. Осындай іс-шаралар студенттер мен оқушылардың қарым-қатынасын нығайтып, қойылған міндеттерді бірлесіп шешуге, келіссөздер жүргізуге, аудитория алдында сөз сөйлеуге және т. б. үйретеді.

Жұбанов университеті сарапшылары Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен бірлесіп, жуырда ЖОО мен жалпы білім беретін мектептердің ағылшын тілі мұғалімдері үшін конференцияға қатысушыларды дайындау бойынша  семинар өткізді.

«БҰҰ Моделі» II аймақтық конференциясын өткізу 29 сәуірге жоспарланып отыр. Конференцияға тіркелу сілтемесі жақын арада жарияланады.