Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Болашақ математиктердің шығармашылық алаңы

Болашақ математиктердің шығармашылық алаңы

Жұбанов университетінде білім алатын болашақ математиктер енді оқытушыларымен бірге заманауи технологиялар арқылы көптеген жаңа  дағдыларды игеретін болады.

Бүгін физика-математика факультетінде жаңаша талаптарға сай жабдықталған «Алгебра» және «Геометрия» кабинеттерінің ашылу салтанаты өтті.

Аталған кабинеттерде баспа оқу және электронды құралдары, плакаттар, интерактивті панель, моноблок, көп функционалды құрылғы, сабаққа арналған презентациялар, қосымша геометриялық денелер, сурет салу құралдарының жиынтығы, математиктердің портреттері қойылған. Бір бөлігін оқытушылардың әдістемелік кітапханасы қамтиды, онда оқу-әдістемелік және практикалық құралдар, тест жұмыстары, жаттығу дәптерлері бар.

Бұл кабинеттер студенттер мен оқытушылардың бірлескен жұмысына арналған шығармашылық шеберхана алаңына айналмақ.