Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Университет студенттері жаңа жобаны қолға алды

Университет студенттері жаңа жобаны қолға алды

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға киім тігетін арнайы тігіншілер жоқ.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері жаңа жобаны қолға алды. Болашақ дизайнерлер өз қалауымен ерекше әлеуметтік жобаны іске асыруды қолға алды.

Байқауларға қатысып, егер бұл жобаны қолдаушылар табылып жатса, студенттердің тың идеялары жүзеге асатын болады. Олар ең алдымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған киімдер топтамасының үлгісін жасаған. Енді қолдағы бар материалды пайдаланып, шеберлер іске кірісіп те кетті.

Жоба авторлары мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы киім табу өте қиын екендігін айтады. Мұндай жоба елімізде бұрын соңды болмаған.

/www.rikatv.kz/