Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Ел ұлықтаған ұлы күн

Ел ұлықтаған ұлы күн

Жұбанов университеті ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін  тойлауды жалғастыруда. Бүгін оқу орнының студенттері мен педагогтары қалалықтармен бірге Наурызды атап өтті. Мерекелік шараға облысы әкімі Оңдасын Оразалин,  облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова арнайы қатысты. Қаламыздағы Қобыланды батыр атындағы орталық стадион алаңында университеттің екі бірдей киіз үйі тігілді.

Оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері бірлесіп ақтөбеліктерге қонақжайлылық танытты. Киіз үйлерге кеңінен дастарқан жайылып, мерекені тамашалауға келген жандар ұлттық тағамдардан дәм ауыз тиді.

Наурыз жоғары рухтың, ұлттық мәдениеттің, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың символы ретінде барлық уақытта адамдарды жақсылыққа жетелеп, алдағы күнге үміт сыйлайды.

Қазақ халқы үшін Наурыз мейрамы күн мен түннің теңескен, жаңа жылдың басы ретінде ерекше аталып өтеді. Орталық стадионда бұл күні  ақ шаңқай киіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылды. Сондай-ақ,  қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар өтіп, мерекенің сәнін келтірді. Орталық алаңда университетіміздің талантты жастары ұлттық нақыштағы ән айтып, күй тартты, би биледі.