Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білімді жастарға берілген зор мүмкіндік

Білімді жастарға берілген зор мүмкіндік

Жұбанов университетінде 11 сынып оқушылары арасындағы «Zhubanov олимпиадасы» басталды. Бұл білімді жастарға берілген зор мүмкіндік болмақ. Жеңімпаздар Қ.Жұбанов атындағы білім беру грантын, екінші орын иегері оқу ақысына 50% жеңілдік, үшінші орын алғандарға оқу ақысына 35% жеңілдік иеленген сертификаттарға ие болады.

Олимпиадаға Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Алматы, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан және Ақтөбе қаласы мен аудандарынан  барлығы мыңға жуық өтініш берушілер тіркелген. Солардың алғашқы легі бүгін химия-биология, химия-физика бейіндік пәндері бойынша бақтарын сынады.

Қалған физика-математика, биология-география, география-дүниежүзі тарихы, география-шетел тілі, қазақ тілі-қазақ әдебиеті, орыс тілі-орыс әдебиеті, шетел тілі-дүниежүзі тарихы, дүниежүзі тарихы-құқық негіздері бағыттары бойынша тестілеу және визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау, музыкалық білім, хореография, мәдени-тынығу жұмысы бойынша шығармашылық емтихан алдағы уақыттары өткізіледі. Айта кету керек, олимпиада наурыздың 31-не жалғасатын болады.