Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті грант жеңіп алды

Жұбанов университеті грант жеңіп алды

Жұбанов университеті Орталық Азия жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып,  БҰҰ ОДМ мақсаттарына сәйкес оқу бағдарламасын жаңғырту-климаттың өзгеруімен күрес және тұрақты даму бойынша грант жеңіп алды («Modernizing Curriculum towards the goals of UN SDGs for Central Asian Universities — Climate Action and Sustainability Development»)

Жоба шеңберінде тұрақты даму саласындағы екі мақсат бойынша семинар өткізу жоспарлануда: «Климат саласындағы іс-қимылдар» және «Орнықты қалалар мен қоғамдастықтар». АҚШ-тың негізгі спикерлері мен пікірсайыс қатысушылары жаһандық климаттың өзгеруі (GCC), орнықты даму (SD), зерттеу дизайны (RD), қолданбалы экология және бейімделу (AEA), жер жамылғысы және жерді пайдалану туралы ғылым (LULCS) бойынша курстар өткізеді.

Жұбанов университеті педагогтары семинардың басқа қатысушыларымен, АҚШ сарапшыларымен және Орталық Азия серіктестерімен бірлесіп ынтымақтастық қатынастардың әсері мен тұрақтылығын барынша арттыру үшін курстарды әзірлеп, енгізетін болады.

Жоба Пэйс университетімен (Pace University), Қырғызстаннан (Орталық Азия Американдық университеті, Қырғыз Халықаралық университеті), Өзбекстаннан (Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механикаландыру инженерлері институты, Өзбек ұлттық университеті), Тәжікстаннан (Орталық Азия Университеті) және Қазақстаннан (Жұбанов университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті) жоғары оқу орындарымен  әріптестікте әзірленген.