Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер арасында доп додасы басталды

Студенттер арасында доп додасы басталды

Бүгін Жұбанов университетінде «Zhubanov Cup-2022» футбол турнирінің ашылу салтанаты өтті. Қатысушылар арасында Жұбанов университеті, Жоғары колледж, Ақтөбе политехникалық колледжі, М.Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжі және т.б. қаламыздағы жоғары оқу орындары мен колледж білім алушылары бар.

Екі күнге созылатын сайыста 16 команда бақтарын сынайды. Бірінші күні топтық ойын болса, екінші күні плей-офф ойыны кезеңі өткізіледі.

Жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлықтар, медальдар және турнир серіктестерінен сертификаттар табысталады. Сондай-ақ, үздік ойыншылар анықталып, оларға да дипломдар мен сертификаттар табысталатын болады.