Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жаңашылдыққа толы жолдау

Жаңашылдыққа толы жолдау

Мира БАЛТЫМОВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалым хатшысы,

қалалық мәслихат депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі:

— Жолдауда нақты 10 мәселе айтылды. Барлығы халықтың қазіргі қажеттіліктерін дөп баса білген шешімдер.

Демографиялық ахуалдың жақсаруы және халықтың талап-тілегіне жауап беру мақсатында Президент Семей аймағында Абай облысын, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын, Алматы агломерациясына қатысты жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу және Алматы облыстарын құруды ұсынды. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керектігін айтқан Мемлекет басшысы халық Қапшағайға Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс білдірсе, қосылатындығын жеткізді. Бұл өзгерістер экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім екенін айта келе, жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар екендігін,ұлан-ғайыр жеріміздің байырғы атаулары мен ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта беретіндігімізді айтты.

Мемлекет басшысы Жолдауды қорытындылай келе: «Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін», — деп, Қазақстан халқына сенім артты.

 

/aqtobegazeti.kz/