Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Zhubanov олимпиадасы аяқталды

Zhubanov олимпиадасы аяқталды

Жұбанов университетінде 11 сынып оқушылары арасында 13 бейіндік пәндер бағытында өткізілген олимпиада мәресіне жетті.

Олимпиада екі кезеңмен өткізілді. Бірінші кезеңде бейіндік пәндер бойынша тестілеу, екінші кезеңде практикалық тапсырмалар берілді. Осы екі турда үздік  нәтиже көрсеткен 14 оқушы Қ.Жұбанов атындағы білім беру грантының иегері атанды.

Атап өтер болсақ, олар №6 мектеп гимназиясынан Ерасыл Сайман, Алға мектеп гимназиясынан Мейрамәлі Шаудырбаев,  Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беру мектебінен Манзура Курбанбаева, М.Құсайынов атындағы АОДБАММИ Мейірхан Аманжолов, Алға мектеп гимназиясынан Меруерт Арманбекова, №53 жалпы білім беру мектебінен Инесса Адилханова, Қандыағаш қаласы, №3 мектеп-гимназиясынан Ақбота Жақсылық, №66 жалпы білім беру мектебінен Айжан Құтымова, Ойыл ауданы Ақшатау орта мектебінен Жасұлан Бақтыгереев, Қызылорда облысы, Ж.Жабаев атындағы 234 орта мектебінен Аружан Қонысбай, Алға ауданы, Бестамақ орта мектебінен Батыржан Сапарғали, Ембі қалалық мектеп жанындағы №7 интернаттан Сезим Айтуарова, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған мектеп гимназиясы Нұрталап Сұлтанов, Шалқар ауданы, І.Үргенішбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінен  Айдана Еркебаева.

Қалған екінші орын иегерлері оқу ақысына 50% жеңілдік, үшінші орын алғандар оқу ақысына 35% жеңілдік берілген сертификаттарға ие болды.

Олимпиадаға Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы, Шымкент облыстарынан және Ақтөбе қаласы мен аудандарынан  барлығы мыңға жуық оқушылар қатысты.