Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті студентінің есімі Халықаралық жинаққа енді

Жұбанов университеті студентінің есімі Халықаралық жинаққа енді

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 1 курс студенті Парахат Нұр Бахытқұлы  «ТМД-ның үздік студенті» Халықаралық байқауының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

Байқауды талантты студенттердің кітап жинағын жасақтау мақсатында «Bilim-orkenieti»  ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясы» ұйымдастырған болатын.

Кітап жинаққа жоғары оқу орны  және колледж студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, жобалардың, конференциялардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері, қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері, ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізілді.