Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кубокты жеңіп алды

Кубокты жеңіп алды

Көкшетау қаласында өткен Киокушинкай-кан каратэдан Қазақстан Республикасының кубогында Жұбанов университетінің студенті Жасұлан Ахтаев жүлделі бірінші орынға ие болды.

Ол еліміздің 14 облысынан 500-ге жуық спортшы бас қосқан додада 75 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басымдық танытып, спорт шебері дәрежесін орындады.

Жас спортшымызды жетістігімен құттықтаймыз!