Вторник, Январь 31, 2023
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе облысы тоғызқұмалақтан үздіктер қатарында

Ақтөбе облысы тоғызқұмалақтан үздіктер қатарында

Тоғызқұмалақтан  2021 жыл қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы  «Ең үздік жергілікті федерация» номинациясымен марапатталған болатын.

Бүгін Жұбанов университеті Басқарма төрағасы-Ректор қабылдауында Интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жанар Сағызбаева болды. Ол Лаура Қарабасоваға Облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті ретінде кубок пен дипломды арнайы табыс етті.

Кездесуде ұлттық зияткерлік ойынымыз және де жастар арасында спортты дамыту жайында бірқатар мәселелер айтылды.

Соңғы кездері Ақтөбеліктер тоғызқұмалақ ойыны бойынша ең үздіктер қатарынан танылып келеді. Айта кету керек, Ақтөбе облысы құрама командасы құрамында Жұбанов университетінің оқытушысы мен студенті бар, олар қазіргі таңда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары, халықаралық спорт шеберлері. Сондай-ақ, Жұбанов университеті ұлттық зияткерлік ойынымызды дамытуда әркез қолдау танытып келеді.