Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ел дамуына жаңа серпін берді

Ел дамуына жаңа серпін берді

Татьяна АЛИМПИЕВА,

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында Жаңа Қазақстанды құрудың негізгі 10 бағыты айқындалып, Үкіметке нақты міндеттер жүктелді.

Маңызды құжатта көтерілген мәселелердің бәрі де көпшілікті көптен бері толғандырып жүрген мәселелер деп ойлаймын.

Жолдауда ел дамуында саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін еместігі айтылды. Президентіміз Қазақстанның жаңаруы үшін көп шаруа жасап жатыр. Мемлекет басшысы екі жарым жылдың ішінде саяси реформалардың 4 топтамасын ұсынғаны белгілі.Қазір осы бағытта нақты нәтижелер бар. Қоғамды демократияландыруға арналған бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асты. Бір ғана мысал, тек саяси жүйеге қатысты оннан астам заң қабылданды. Бұдан қоғамда болып жатқан оң өзгерістерді бағамдауға болады. Мәселен, бейбіт жиналыстар туралы жаңа демократиялық заң белсенді азаматтарға еш кедергісіз шеру өткізуіне, сол жерде ой-пікірлерін емін-еркін айтуына мүмкіндік берді. Мұның арқасында Қазақстанда жаңа саяси мәдениет қалыптасты, билік пен бұқара арасында өзара жауапкершілік пен сенімнің артуына септігін тигізді. Алайда ел ішіне іріткі салғысы келетін кейбіреулер демократиялық сипаттағы осы заңның өзіне бағынбау керек деп санайды.Жолдауда Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға өз бағасын беріп, ел тыныштығын бұзатын қайғылы жағдай қайталанбас үшін билік, азаматтар мен түрлі ұйымдар тарапынан жасалуы керек әрекеттер мен жауапкершілік туралы айтты.

Соңғы уақытты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекет қазынасынан жымқырылған қаржыны кейін қайтару бойынша көптеген жұмыс жасалып жатқанын оқып, біліп жатырмыз. Мемлекет басшысы Жолдауында біздің қоғамда сыбайлас жемқорлықтың тым көбейіп кетуі — билікке туыстық, тамыр-таныстық, рушылдық принциппен тағайындалудың «жемісі» екені атап өтті. Ол мұның алдыналу мақсатында Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды атқаруға заң жүзінде тыйым салынатынын, мұндай норманы Конституцияға енгізу де артық болмайтынын нықтап айтты.

Қорыта айтқанда, маңызды құжатта Мемлекет басшысы ұсынған 10 бастама ел дамуындағы жаңа серпін, қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешудің кілті болмақ.