Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлт руханиятының қайнар көзі оқырманға жол тартты

Ұлт руханиятының қайнар көзі оқырманға жол тартты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты   ұлттық руханиятымызды түгендеу, жетілдіру жолында теңдессіз еңбек етіп келеді. Сонау 2004-2013 жылдарда шыққан 100 томдық «Бабалар сөзінен»  бастап, биылғы үш томдық «Жамбыл шығармаларының академиялық толық жинағына» дейін бірнеше сүбелі еңбектерді жарыққа шығарды. Солардың бірі «Рухани  жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында жарық көрген 10 томдық «Дала фольклорының антологиясы».

Аталмыш жинақтың презентациясы Жұбанов университетінде ғылым айы аясында өткізілді. Бұл антологияның алғашқы шыққан бес томының таныстыру жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінгі шарада 10 томдық еңбек  оқырман қауымға толық таныстырылды.