Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жаңа реформалар — жаңа қоғам

Жаңа реформалар — жаңа қоғам

Нұрбек НҰРҒАЛИЕВ,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты:

— Ел Президентібиылғы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгерістерге жол ашатын реформалар туралы айтып, еліміздің дамуы үшін нақты міндеттерді жүзеге асыруды тапсырды. Ең алдымен жыл басында елді дүрліктірген қаңтар оқиғасына қатысты бағасын беріп, мұқият ойластырылған операция барысын, оның артында ықпалды адамдар тұрғанын түсіндірді.

— Кімнің қандай лауазым иеленіп отырғанына, қоғамдағы орны қандай екеніне қарамастан, осы қайғылы оқиғаларға кінәлі адамдар түгелдей лайықты жазасын алады деп уәде беремін.  Сол күндері қатаң әрі шұғыл шара қабылдаудан басқа  амал қалған жоқ. Мен ең шешуші сәттерде елім үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бұл — менің президенттік әрі перзенттік борышым, — деді.

Одан әрі Президент еліміздегі саяси жүйені жаңғырту бастамаларын ұсынды. Бұл орайда Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз», — деді.Еліміздің саяси жүйесін жаңғыртатын өзгерістер —  азаматтық қоғам құрудағы маңызды қадамдардың бастамасы. Бұлреформалареліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді.

Партияларды тіркеу тәртібі де енді едәуір жеңілдейді. Мысалы, партия құру үшін тіркеу шегін 20 мыңнан 5 мың адамға азайту қоғамдағы мәселелерді тиімді шешуге қабілетті жаңа партиялардың көбеюіне ықпал етеді. Ал халыққа игілікті іске бастайтын, нақты жұмыс істейтін партиялар керек.