Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Талантты жастардың көрме-байқауы өтті

Талантты жастардың көрме-байқауы өтті

Бүгін Жұбанов университетінде ұлттық идеяларды жастардың санасына сіңіру мақсатында «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» тақырыбында  көрме-байқау өтті.

Байқауда оқу орнының шығармашыл студенттері фельцевания, матаға арналған акрил бояуы, жүн басу, машина және қол тігістер, кескіндеме, графика және басқа түрлі техникада жасаған өздерінің еңбектерін ұсынды. Олардың ішінде жүнмен әрлеу техникасымен жасалған бұйымдар, ағаш және тігін заттары, ұлттық киімдер т.б. бар.

Сонымен қатар Есет Көтібарұлы, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Дінмұхамед Қонаев секілді тарихи тұлғалардың портреттері де көрменің қатарынан табылды.

Шара соңында жеңімпаздарға дипломдармен сертификаттар табысталды.

Айта кету керек,  байқаудың үздік жұмыстары қатысушының келісімі бойынша білім беру, мәдениет және өнер мекемелерінің маңызды объектілерін безендіруде қолданылатын болады.