Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет спортшылары қоржынында 4 алтын медаль

Университет спортшылары қоржынында 4 алтын медаль

Жүзуден өткен Ашық ҚР Чемпионатына университетіміздің магистранттары Әлібек және Айбек Камзеновтер қатысып,  4 алтын медальды қанжығаларына байлады.

Айбек  4х50 микс, брасс 50м, брасс 100 м жүзуден қарсыластарының барлығынан басым түсіп,  әлем чемпионатына норматив орындады. Ол 18 маусым мен 3 шілде аралығында су спорты түрлерінен Будапештте (Венгрия) өтетін 2022 жылғы Әлем Чемпионатына жолдама алды.

Әлібек 4х100 микс жүзуден  жүлделі бірінші орынды иеленді.

Чемпионатқа ҚР облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары құрама командалары және ҚР Ұлттық құрама командасының алдыңғы қатарлы спортшылары қатысты.