Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Zhubanov University биыл халықаралық беделі өте жоғары әрі мықты мектеп қалыптастырған ғалымдар тобы қосылды

Zhubanov University биыл халықаралық беделі өте жоғары әрі мықты мектеп қалыптастырған ғалымдар тобы қосылды

Биыл Zhubanov University ғылыми ортасына халықаралық беделі өте жоғары әрі өзіндік мықты ғылыми мектебі қалыптасқан ғалымдардың қосылғаны туралы қуанышты жаңалықты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Лаура Қарабасова фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, финляндиялық ғалым, 25 жыл бойы фин білім жүйесіндегі инновациялармен айналысқан профессор Дэвид Марш (h-index 65), Наньянг технологиялық университетінің (Сингапур) профессоры физик-материалтанушы Саймон Редферн (h-index 62) және Гонконг білім беру институтының профессоры Джон Керри Кеннеди (h-index 39). Ұлыбританиядағы Ноттингем Университетінде қызмет ететін профессор Тони Буштың (h-index 41) да қатарға қосылуын күтудеміз.

Университетте сондай-ақ Эстониядағы Тарту Университетінің ғалымы, физика-математика ғылымдарының докторы Лущик Александр (h-index 32) және Ұлыбританиядағы Рединг Университетінің профессоры Виталий Хуторянский (h-index 43) дәріс оқып, ғылыми жетекшілік етуде. Жоғарыда аталған ғалымдар Университетімізде 4-29 сәуір аралығында өтіп жатқан Ғылым айлығына белсенді қатысуда.

Биылғы ғылым айлығының ерекше тұсы Жапониядағы Окинава ғылым және техника институтында қызмет етіп жүрген қазақ ғалымы Кусаинова Ардақ Максотовнаның студенттер мен оқытушыларға арнап «Материалдар туралы ғылым» тақырыбында дәріс оқуы болды. Ардақ ханым Ақтөбедегі дарынды балалар мектеп-интернатын басқарған Мақсот Құсайынұлының қызы. Zhubanov University-де Ғылым айлығы шеңберінде елуден аса шара жоспарланды.

Аталған шаралар өңірдегі ғалымдар мен орталықтағы ұлттық ғылыми-зерттеу институттары, университет пен мектеп, ғылым мен өндіріс арасында ерекше ынтымақтастық пен синергия туғызады деп сенемін. Ғылым айлығындағы бірқатар іс-шараларға тоқталсам: жас креативті кәсіпкерлер фестивалі (AlmaU бизнес мектебімен бірлескен іс-шара); «ARU Roboproject – 2022» облыстық жобалар сайысы (10-18 жас аралығындағы оқушылар және колледж студенттері үшін); А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының қатысуымен өтетін «Жаңа Қазақстан: тіл білімі парадигмасындағы Қ.Жұбанов мұрасы» вебинары.

«Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен митап «Ғылым айлығы – 2022» ашылу салтанаты; «Жастар, ғылым және инновация» атты ХVIIІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция; студенттер мен мұнайшы инженерлер қоғам (Society of Petroleum Engineers, SPE) арасында «Petrabol» интеллектуалды ойын; Workshop «Академиялық жазу – Ашық білім» (қалалық деңгейде); Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы мектеп оқушылары үшін ашық есік күні.

Ақтөбе облысының жас ғалымдарының қатысуымен TEDx форматындағы Networking event «Ғылым жолындағы жыл үздігі – 2022» байқауы және тағы да басқалар. Сәуір айының 11-29 күндері аралығында «Ғылыми жобалардың постер сессиясы және библиофреш», «Zhubanov Science» подкасттар сериясы көпшілікке жол тартады әрі жергілікті телеарналарда ғылым жөнінде сұхбаттар береміз. Мақсат – ғылымды бұқараға кеңінен насихаттау әрі Унвиерситет ғалымдарының еңбектерін таныстыру.

 

Сонымен қатар, биылғы ғылым айлығында өңірдегі бірнеше мұнай компанияларымен меморандумға қол қойып, кешенді жұмыс жоспарын құруды жоспарлап отырмыз, – деп қорытындылаған сөзінің соңын біздің жоғары оқу орнының басшысы.

 

/bilimdinews.kz/