Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде оқуға конкурс жарияланды

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде оқуға конкурс жарияланды

«Шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқу үшін орын санын бөлу жоспарын бекіту» туралы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №116 бұйрығына сәйкес  «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы мемлекеттік білім беру тапсырысы (гранты) бойынша оқитын бакалавриат студенттері үшін бір семестр бойы республикалық бюджет негізінде оқуға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды. Байқауға 2-3 курс студенттері қатыса алады.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен конкурсқа қатысуға көрсетілген құжаттарды ұсыну Қ.Жұбанов атындағы АӨУ мен шетелдік әріптес ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Біздің университетке арналған орын саны – 10.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

шет тілін меңгеру деңгейі В2 төмен емес.

ағымдағы үлгерім транскриптінің GPA орташа балы 2,67 төмен емес.

Академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін талапкер келесі құжаттарды Халықаралық ынтымақтастық департаментіне тапсырады:

  1. білім алушының өтініші;
  2. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;
  3. білім туралы құжат: ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт (Университеттің мөрімен куәландырылған);
  4. халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шетел тілін білу туралы сертификат (IELTS, TOEFL), болған жағдайда;

-Егер шетел тілін меңгеру деңгейі туралы құжат болмаған жағдайда халықаралық ынтымақтастық департаментінің ұйымдастыруымен институционалдық тестілеу өткізілетін болады;

  1. № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығу үшін);
  2. Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;
  3. студенттің көп балалы отбасын растайтын отбасының құрамы туралы құжат (болған жағдайда);
  4. студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);
  5. студенттің мүгедектігі туралы аныңтама (болған жағдайда).

Академиялық ұтқырлық аясындағы оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі – 30.05.2022 дейін.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласуға болады.

zhubanov.icc@gmail.com