Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік ғалым дәріс беруде

Шетелдік ғалым дәріс беруде

Жұбанов университетінің «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасында Орынбор мемлекеттік университетінің профессоры Наталья Каргапольцева «Педагогикалық өлшемдер», «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі», «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» білім бағдарламаларының докторанттары мен магистранттарына онлайн дәрістер оқуда.

Шетелдік  ғалымның дәрісі университеттегі ғылым айлығы аясында сабақтастық тауып, жүзеге асырылып отыр.

Айта кетейік, жоғарыда аталған кафедра  мен Орынбор мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы) арасында ғылым, білім беру саласындағы халықаралық байланыс бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Қазіргі таңда Жұбанов университетіндегі педагогика факультетінің  2-3 курста оқитын 6 докторанты Орынбор мемлекеттік университетінде профессорлар Наталья Каргапольцева мен Татьяна  Ольховаяның жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтуде. Мұнда шетелдік ғалымдар кафедра  докторанттарының жұмысына ғылыми кеңесші ретінде кеңес беріп, өздерінің көп жылдық ғылыми тәжірибесімен бөлісіп отырады.

Шетелдік оқытушылармен бірлесе атқарған айтулы жұмыстар Жұбанов университетінің магистранттары мен докторанттарына тәжірибе алмасу, білім кеңістігін кеңейту және  бірлескен зерттеу жобаларын жасау мүмкіндігіне жол ашатыны сөзсіз.