Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Гүлсезім чемпион атанды

Гүлсезім чемпион атанды

Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті Гүлсезім Бухаева Қызылорда қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен ҚР Чемпионатында 65 кг салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанып, ҚР спорт шебері атағын иеленді.

16 сәуірге дейін жалғасатын Қазақстан Республикасының чемпионаты алғаш рет Біріккен форматта U17, U23 екі жас ерекшелік бойынша өтуде. Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановтың мәлімдеуінше, біріншілікке республикадан 1300-ге жуық спортшы қатысуда.

Үздік ойын көрсеткен спортшымызды жетістігімен құттықтаймыз!!!