Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық ғылыми конференцияға шақырады

Халықаралық ғылыми конференцияға шақырады

Ағымдағы жылдың 24-28 мамыр аралығында «Дифференциалдық теңдеулер, анализ және алгебра мәселелері» ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Конференция бағдарламасына енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына электронды түрде көрсетілген е-mail бойынша конференцияға қатысушының келесі материалдарын ұсыну қажет.

  • жариялауға арналған мақала;
  • конференцияға қатысушының және барлық бірлескен авторлардың (егер бар болса) толтырылған тіркеу формасы;
  • ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы түбіртектің сканерленген көшірмесі.

Конференция материалдары Халықаралық ғылыми конференцияның еңбектер жинағында электронды түрде жарияланып, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің сайтына орналастырылатын болады: http://zhubanov.edu.kz

Конференцияның жұмыс барысымен толығырақ Ақпараттық хаттан танысуларыңызға болады.

II ақпараттық хат