Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Спорт саласы: өзекті мәселелер талқыланды

Спорт саласы: өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде VII «Дене мәдениеті және спортты дамытудың заманауи мәселелері» атты халықаралық  ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияға Быдгощ қ. Экономика университетінің (Польша), Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің, Челябі мемлекеттік дене шынықтыру институты, Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ.), Тольятин университеті (Тольятти қ.), Ресей мемлекеттік дене шынықтыру университетінің (Мәскеу қ.) сонымен қатар еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарының профессор-ғалымдары онлайн қатысты.

Пленарлық мәжілісте медицина ғылымдарының докторы, профессор Евгений Быков, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Елена Голикова, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Лариса Пигалова, медицина ғылымдарының докторы Шамшидин Балгимбеков, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Төлеген Ботағариев т.б. ғалымдар баяндама жасады.

Жиында дене шынықтыру және спорттағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру, магистранттардың зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыру, теппинг-тест көмегімен жас спортшылардың жүйке жүйесінің қасиеттерін зерттеу т.б өзекті мәселелер талқыланды.

Конференция жұмысы секцияларда жалғасатын болады.