Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білімді жастар бәйгесі

Білімді жастар бәйгесі

Бүгін Жұбанов университетінде «PetroBowl» интеллектуалды ойыны өтті. Жүйріктер жарысында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе политехникалық колледжі және Жұбанов университетінің білімді жастары бақ сынады.

Ойынға унверситеттің әлеуметтік серіктестері СНПС, Ақтөбемұнайгаз» АҚ  «Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану», «Каспий Нефть ТМЕ» АҚ «Игеру», «Батысмұнаймаш» ЖШС, «ОМАС Интегрейд» ЖШС өкілдері әділқазылық етті.

Қатысушы команда мүшелері блиц сұрақтарға, логикалық тапсырмаларға жауап берді. Сондай-ақ, өз ойыны турында шеберліктерін танытты. Ағылшын тілінде өткен сайыста олар өз білімдерін жан жақты таныта білді.

Айта кету керек, аталған шара техникалық факультетінің «Мұнай-газ ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен университеттегі Ғылым айы аясында өткізілді.

Жеңімпаздарға дипломдар, арнайы сертификаттар, сонымен бірге серіктес компаниялардың сыйлықтары табыс етілді.

Шара барысында қатысушылар назарына  «SPE деген не?» бейнеролигі ұсынылып,  университет студенті Елнұр Сейфулла «SPE мақсаты мен миссиясы» тақырыбындағы баяндамасын жасады.  Техникалық факультетінің ғылыми жетістіктерінен көрме ұйымдастырылды.