Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов жастары Қытайда үздік өнер көрсетті

Жұбанов жастары Қытайда үздік өнер көрсетті

Қытай Халық Республикасының мәдениеті күндері аясында өткен халықаралық жарысқа Жұбанов университетінің студенттері қатысып, «Ең үздік өнер» номинациясын иеленді. Олар қазір академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Синьцзян қаржы экономикалық университетінде оқып жатыр.

Өнерлі жастар жарыста қытайлықтардың  «Тайцзицюань» деп аталатын сауықтыру жаттығуын тамаша орындап шықты. Жауынгерлік рухта көрсетілетін бұл өнер қытайлықтар арасында кең танымал. Синьцзян қаржы экономикалық университеті атынан шараға барлығы 18 студент қатысса, олардың 13-і біздің университет студенттері екендігі қуантады. Өнерлі жастарға сыйлыққа теледидар табысталды.