Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет палуандары жоғары нәтиже көрсетті

Университет палуандары жоғары нәтиже көрсетті

Орал қаласында өткен Қазақ күресінен жоғары оқу орындары студенттері (ерлер) арасындағы Қазақстан Республикасы лигасында Жұбанов университетінің палуандары жоғары нәтиже көрсетті.

Еліміздің Алматы, Қостанай, Павлодар, Орал, Түркістан т.б қалаларынан келген ЖОО командалары арасында біздің университеттің командасы жүлделі үшінші орынды иеленді.

Жаттықтырушысы – Самбо күресінен спорт шеберлігіне үміткер, университеттің «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы Рүстем Уахитов.

Спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!